Сонымен қатар, олар әдетте арзанырақ және ұзақ сақталады. Егер қан құрамында холестерин деңгейі жоғары болса, назар аударатын өнімдер міне:
Эдамаме. Жас соя бұршағы – талшықтың жақсы көзі. Оның арқасында сіз қанындағы холестерин деңгейін төмендетесіз. Бір стақан мұздатылған эдамамеде 8 г талшық және 18 г өсімдік ақуызы бар.
Жасыл бұршақ. Бұл көкөністің бір стақанында 7 г талшық бар. Ғылым магистрі, сертификатталған диетолог Патрисия Колеса өсімдік ақуыздарының көп мөлшерін тұтыну холестерин деңгейін бақылауға да пайдалы екенін айтады. Бұршақты кейбір жануарлар ақуызының орнына қолдануға болады.
Шпинат. Ол витаминдер, минералдар, талшық және жүрекке пайдалы антиоксиданттарға бай. Шпинатта қабынуды азайтатын лютеин көп.
Цветная капуста. Онда жүрекке пайдалы талшық бар және қаныққан майлар жоқ. Әрбір стақан цветной капустада 3 г талшық бар. Бұл тәуліктік норманың 10%-ын құрайды.
Брокколи. Зерттеулер брокколидегі сульфорафан оксидативті стрессті және қабынуды төмендететінін көрсетеді. Ал бұл жүрек денсаулығы үшін маңызды факторлар.
Брюссель капустасы. Бұл капустаның әр стақанында 2 г еритін талшық бар. Ол қан құрамындағы холестерин деңгейін төмендетуге ерекше пайдалы.
Грибтер. Олар бета-глюкандарды қамтиды. Бұл еритін талшықтың түрі холестеринді төмендетеді.