Жакупованың айтуы бойынша, шаруашылықта оған отбасы мүшелері көмектеседі.
"Көмекшілерім ешқашан болған емес және, менің ойымша, бола да қоймас. Көмекшілерім – менің ер адамдарым: күйеуім, ұлдарым. Үлкен ұлым, өз отбасымен бөлек тұрса да, демалыс күндері келіп, шаруашылыққа көмектесуге тырысады. Кіші ұлым бізбен тұрады. Сосын, менің таңым 5-те басталады. Мен түскі ас пен кешкі ас дайындап үлгеремін, ал 7:30-да — жұмысымда боламын", — деп мәлімдеді Светлана Жакупова.
Еске салайық, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жакупова NUR.KZ журналистіне үлкен сұхбат беріп, қазақстандықтардың мемлекет ұсынған жұмыстан неге бас тартатынын, көпбалалы отбасылар жаңа қолдау шараларына сенім артуы керек пе және тағы басқа мәселелер туралы айтты.
Эксклюзивті контент пен жаңалықтар тек сіздер үшін! Telegram-да жазылыңыз!