Іс-шараға Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердымухамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
"Саммитте ТМД аясында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі басым бағыттар мен перспективалар талқыланды" , - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бейресми кездесуге Әзербайжан президенті Ильхам Алиев те қатысуы тиіс еді, алайда ол Ақтаудың маңында ұшақ апатынан кейін Бакуге оралуға мәжбүр болды.
Осыдан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Алиевке апатқа байланысты көңіл айтты.
Бұған дейін Путин Тоқаевты Санкт-Петербургте өтетін бейресми кездесуге және Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдығына арналған мерейтойға шақырғанын жазған болатынбыз.