Президентке юстиция органдарының негізгі қызмет бағыттары, министрліктің мақсаттары мен міндеттері туралы "Әділ Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" жолдауы аясында баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу сапасын арттыру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және әділ әрі қауіпсіз қоғам құру жөніндегі жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар болды.
️Мемлекет басшысы құқықтық жүйені қалыптастыру процесінде азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығының маңыздылығын атап өтті.
️Кездесу қорытындысы бойынша президент бірнеше тапсырмалар берді.
Еске сала кетейік, 9 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы әділет министрі етіп Ерлан Сарсембаевты тағайындады. Бұған дейін ол ҚР Конституциялық Сотының судьясы болған - сенат тарапынан сайланған үш судьяның бірі.
Сол күні мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Ескараев Қазақстан Республикасы әділет министрі қызметінен босатылды.