"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Нурпеисов төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Нурпеисов 2023 жылдың қыркүйек айында төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалған.
Ол 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматыдағы ҚР ІІМ Техникалық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1992 жылы өрт сөндіру қызметі бөлімінің инженері ретінде бастаған.
1993-1997 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметі басқармасының өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімі инженер, аға инженер.
1997-2000 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің аға инженері.
2000-2002 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметінің оперативті басқармасының өрт сөндіруді ұйымдастыру бөлімінің аға инженері.
2002-2005 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар мемлекеттік қызметінің бас басқармасының оперативті басқармасының өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстар бөлімінің бас маманы.
2005-2006 жылдары - Шығыс Қазақстан облысындағы төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының өрт сөндіру және авариялық-құтқару бөлімшелерінің қызметін үйлестіру басқармасының орынбасары.
2006-2007 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру қызметі департаментінің орынбасары.
2007-2012 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар қызметі "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің" басшысы.
2012-2018 жылдары - Алматы қаласының Төтенше жағдайлар қызметінің орынбасары.
2018-2020 жылдары - Алматы облысының Төтенше жағдайлар қызметінің басшысы.
2020 жылдың қыркүйегінен бастап вице-министр қызметіне тағайындалғанға дейін, Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар қызметінің басшысы болып қызмет атқарды.