сейсенбі03 желтоқсан 2024
inbusinesskz.com

2025 жылы көктемгі дала жұмыстарымен егін жинауға үкімет 700 миллиард теңге жұмсауды жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов көктемгі егіс және жинау жұмыстарына жұмсалатын қаржы мөлшері туралы есеп берді, деп хабарлайды Orda.kz.
В 2025 году правительство планирует выделить 700 млрд тенге на весенние полевые работы и уборку урожая.
«2025 жылы көктемгі егістік және жинау жұмыстарына қаржыландыруды 700 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Аталған көлемдегі қаржыны қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға арналған бюджет жобасында 45 млрд теңге қарастырылған, ал қосымша қажеттілік 71,9 млрд теңгені (60 млрд — купондық сыйақы, 11,9 млрд — кепілдендіруді субсидиялау) құрайды», деді Азат Султанов.

Сондай-ақ, үкімет 2024 жылдың желтоқсанында қаржыландыруды бастау туралы қаулы жобасын мақұлдады.

«Аграрлық кредиттік корпорация 29 қарашадан бастап 100 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды бастайды», деп қосты ол.

Министр сондай-ақ, президенттің тапсырмасы бойынша 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспар бекітілгенін хабарлады.

«Кешенді жоспар аясында қайта өңдеу кәсіпорындарына инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражаттарын толықтыруға жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылған. Осы мақсаттарға республикалық бюджет комиссиясымен бес жыл бойы 372 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген кредиттеу мақұлданды», деп атап өтті Азат Султанов.