"Келген кезде әуе кемесінің жануы анықталды. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті",деп түсіндірді ҚР ТЖМ.
Azerbaijan Airlines компаниясының Embraer 190 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Баку қаласынан Грозныйға бағыт алған. Апатқа дейін борт бірнеше рет әуе айлағының үстінен айналып өтті.
ТЖМ командалық орталығында республикалық жедел штаб құрылды, онда ыстық желі телефоны жұмыс істейді.