«Қазақстанның IT-қызметтер экспорты қарқынды өсуді көрсетуде. 2023 жылы экспорт көлемі 529 миллион долларды құрады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл көрсеткіш 306 миллион долларды құрады. Біз 2026 жылға қарай 1 миллиард долларға жету мақсатына сенімді түрде бет алып барамыз», — деп хабарлады Мадиев.
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның IT-қызметтері 86 елге экспортталады, бұл қазақстандық цифрлық шешімдерге жоғары сұраныс пен жаһандық деңгейде бәсекелесуге қабілеттіліктің дәлелі болып табылады.
Ол сондай-ақ, GovTech саласындағы цифрлық әзірлемелер халықаралық деңгейге шығып жатқанын, 2023-2024 жылдары экспорт көлемі 1,36 миллиард теңгені құрағанын қосты.
«Қазақстан электрондық үкімет саласындағы шешімдерді Тәжікстан, Того, Сьерра-Леоне сияқты елдерге экспорттайды. Негізгі экспортталатын өнімдер Smart Data Ukimet, Smart Bridge және GOV.KZ», — деп нақтылады министр.