сенбі14 желтоқсан 2024
inbusinesskz.com

«Оңтүстік вектор» бизнес ұсыныстарға ашық.

Алматы мен Алматы облысындағы бірнеше өндірістік компаниялар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің серіктестерімен іскерлік ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Бұл мәлімдеме SMITA Global халықаралық шағын және орта бизнес ассоциациясының өкілдерімен өткен кездесулер барысында жасалды. Аталмыш құрылымның президенті Меган Су басшылық ететін делегация жақында өңірге келіп, өзара тиімді байланыстардың мүмкін болатын форматтарын талқылады.
«Южный вектор» готов рассмотреть ваши бизнес-предложения.

Келісімдер Алматыдағы ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Алматы облысының өңірлік даму орталығы, «СПК «Қонаев», «Аль Сакр Финанс», «Беккер и К», «Иссыкский плодоконсервный завод» және басқа да кәсіпорындармен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жасалды.

SMITA Global – Оңтүстік-Шығыс Азияның 10 мемлекетінің халықаралық ассоциациясы АСЕАН-ның ресми серіктесі. Алматыда өткен Tradex сауда форумында ұйым атынан Қазақстан мен Орталық Азиядағы шағын және орта бизнесті қолдаудың мүмкін болатын формалары, АСЕАН нарығына шығу, өнім жеткізу және сату арналарын орнату, сондай-ақ аймақ елдерінен серіктестер тарту ұсынылды.

SMITA Global-дың Қазақстан мен Орталық Азиядағы ресми өкілі Серик Амировтың айтуынша, АСЕАН мемлекеттері әлемдік экономикада үлкен тұтынушылық нарықты білдіреді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша олардың біріктірілген ЖІӨ шамамен 3,8 триллион долларды құрады.

Осындай жағдайда ассоциация елдері аймақтық ынтымақтастықты кеңейту мен жаңа нарықтарға шығуға ерекше қызығушылық танытуда. Бұл тұрғыда Орталық Азия мемлекеттерімен сауда-инвестициялық өзара іс-қимыл үлкен қызығушылық тудырады, бұл ҚР Президентінің «оңтүстік вектор» экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамасымен үндеседі.

Қазақстан АСЕАН елдерімен өзара іс-қимылды белсендіру және Орталық Азиядағы B2B Market place ретінде өзін таныту үшін айтарлықтай әлеуетке ие.

SMITA Global өкілдерінің Алматы өңіріне жасаған сапарының қорытындысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен бірлескен жобаларды жүзеге асыру және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қазақстандық кәсіпкерлердің бизнес жобаларын қолдау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы мен Алматы облысының өңірлік даму орталығы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үшін жер учаскелері, инфрақұрылым және басқа да ынталандыру шараларын ұсынуға дайын екендіктерін білдірді.

2025 жылы Куала-Лумпурде бірлескен көрме іс-шараларын өткізу және Оңтүстік-Шығыс Азия туроператорларымен Қазақстанға туристік сапарларды ұйымдастыру туралы келісімдерге қол қоюға Алматы қаласының туризм басқармасы мен туризм бюросы қатысатын болады. «Беккер и К» компаниясы малайзиялық өндірушілердің өнімдерін өз бөлшек сауда желісі арқылы таратуға ниетті.

Қазақстан мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы сауда ынтымақтастығын кеңейтуде географиялық алыстық кедергі болып қала береді. Мұндай жағдайларда негізгі шешім жоғары қосылған құнды өнімдерді өндіру мен экспорттау болып табылады.

Сондықтан Алматы облысында көкөністер мен жемістерді бірлесіп қайта өңдеу және дайын өнімді Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорттау туралы малайзиялық кәсіпкерлермен алдын ала келісімді жақсы перспективаға ие.