27-28 қазан күндері елордада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) кеңесі өтеді, оған шетелдік көшбасшылар қатысады, деп хабарлайды Orda.kz Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.
«Дайындау шаралары арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен ҚР Қарулы Күштерінің ресурстарын, соның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалануды көздейді», деп ескертті Мемлекеттік күзет қызметі.
Елорда тұрғындарын халықаралық деңгейдегі маңызды оқиғаға байланысты қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.
27 қарашада Қазақстанға Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин келеді.