сәрсенбі05 ақпан 2025
inbusinesskz.com

Казақстанда ылғалды сақтау үшін венгриялық препаратты сынап көрді.

Ол күріш алқаптарында суды 37%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
В Казахстане протестировали венгерское средство для удержания влаги на полях.

Қазақстанда венгриялық суды үнемдеу препаратының алғашқы сынақ кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Kazpravda.kz

Су ресурстары министрлігінің бастамасымен төрт ғылыми-зерттеу институты қатысқан. Олар: Тараздағы «Қазақстан ғылыми-зерттеу су шаруашылығы институты», Қызылордадағы «И. Жахаев атындағы Қазақстан ғылыми-зерттеу күріш шаруашылығы институты», «Егіншілік және бақша шаруашылығы тәжірибелік станциясы» және «Аграрлық инновациялар институты».

Сынақ барысында препараттың топырақты ылғалдандырудағы әсері әртүрлі топтар мен климаттық жағдайларда зерттелді, сондай-ақ аз көлемдегі су пайдалану жағдайында өнімділіктің артуы қарастырылды.

Ғалымдардың айтуынша, препарат күріш алқаптарында суды 37%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі әдіспен күріш 90 күн бойы суарылады, ал препаратты пайдалану ылғалды ұстап тұру үшін 51 күн суаруды жеткілікті етеді.

Қызылша суаруда 23,9% су үнемделді, ал жүгеріде – 28,7%-ға дейін. Сарапшылар өнімділіктің артуын да атап өтеді.

«Алғашқы сынақ кезеңі жақсы нәтижелер көрсетті. Келесі кезеңде препараттың тиімділігін үлкен егіс алаңдарында тексеру қажет. Ол үшін ауыл шаруашылық өндірушілерімен кездесіп, тест нәтижелерін көрсету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Жыл сайын суаруға сұраныс артып келеді, және біздің фермерлік шаруашылықтар заманауи су үнемдеу әдістеріне көшуге қызығушылық танытып отыр»,– деді министр Нуржан Нуржигитов.

Өз тарапынан венгриялық Soil Solution компаниясының өкілдері, ауыл шаруашылық өндірушілер тарапынан үлкен сұраныс болған жағдайда, Қазақстанда препарат өндіретін зауыт ашуды жоспарлап отырғандарын мәлімдеді.

«Бүгінгі күні біз Қазақстанда өнімімізді өндіретін зауыт ашу мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Бұл жол шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Яғни, ауыл шаруашылық өндірушілері үшін препарат бірнеше есе арзан болады. Сондай-ақ, Қазақстанда өндірілген өнімді шетелге экспорттауға болады»,– деді Soil Solution компаниясының өкілі Даниел Репасси.