«Несие Ресейдің мұздатылған активтерінен алынған кірістер есебінен қызмет көрсетіліп, өтеледі. Қаржыландыру 30 жылға беріледі. Тартылған қаражат Украина тарапының қажеттіліктеріне сәйкес қорғаныс материалдарын сатып алуға жұмсалады»,
деп хабарлайды Украина Қаржы министрлігінің ресми хабарламасы.
Берілген несие — G7 елдерінің («Үлкен жетілік») Украинаға арналған Extraordinary Revenue Acceleration механизмі шеңберіндегі 50 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі бағдарламаның бір бөлігі. Механизм аясында Украина АҚШ-тан бір миллиард доллар және Еуроодақтан үш миллиард еуро алды.
BBC хабарлауынша, Украина президентімен кездесуден кейін Ұлыбритания премьер-министрі Дональд Трамппен және Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелердің мазмұны жарияланған жоқ.
Жексенбіде Владимир Зеленский Украина мәселесіне арналған саммитке қатысады.