«Бұл жұмысшы компания. КТЖ-ның барлық қарыздарын өтеуге қабілеті бар. 2,9 триллион теңгені ол толықтай өз қызметі мен табыстары есебінен өтейді», — деді Карабаев.
Оның айтуынша, КТЖ-ның жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен ақша бөлінбейді, сондықтан компания халықаралық қаржы институттарының қаражаттарын тартуда және бұл жұмыс жалғасын табады.
«КТЖ-ның ағымдағы төлем қабілеттілігі 2,9 триллион теңге көлеміндегі ағымдағы қарызды өтеу және жаңа қарыздар алу үшін жеткілікті деңгейде. Бізде алда жаңа жобалар бар, бұл локомотивтер, жаңа жолаушы пойыздарын сатып алу, жаңа жолдарды салу, бұның барлығы инвестициялар мен қаражатты талап етеді. Бюджеттен ақша бөлінбегендіктен, КТЖ алдағы уақытта да халықаралық институттардың қаражаттарын тартатын болады», — түсіндірді министр.
Ол бұрын компания тек тасымалдаумен айналысса, қазір логистикамен де айналысатынын қосты. КТЖ-ның саясатын өзгерту оларға табыстылықты арттыруға және, тиісінше, қарыздарды жабуға мүмкіндік береді.
Алдыңғы хабарламаларда айтылғандай, маусымда Жоғарғы аудиторлық палатаның басшысы Алихан Смаилов КТЖ-ның кредиттік тәуекелдің «қызыл аймағында» екенін және қарызының шамамен 3 триллион екенін айтты.