Ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысты Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында шамамен үш мың адамды орналастыруға дайын. Шығыс және орталық өңірлерде қоныс аударушылар саны 372 адамнан аспауы тиіс.
«Министрдің бұйрығына сәйкес, 2025 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау бойынша өңірлік квота 9653 адам болып белгіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 170 адамға артық»,
деп хабарлады ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі.
Сонымен қатар, ведомство мемлекеттік қолдау туралы еске салды: бұл – қоныс аударуға субсидиялар, тұрғын үй мен коммуналдық қызметтер шығындарын жабу, жұмысқа орналасуға көмек.
2024 жылы тарихи отанына 19,7 мыңнан астам этникалық қазақ оралды. Бүгінгі күні қандас статусын 1 миллион 148 мың адам иеленеді.