«Жасөспірімдер оқитын жалпы білім беретін мекемелердің әкімшілігіне қылмыстың пайда болуына себепші болған жағдайлар мен себептерді жою туралы ұсыныстар жолданды. Әрқайсысының әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады», — деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.
Іс Алматы қаласының балалар омбудсмені Диана Ерланның бақылауында. Оған ата-аналар арнайы мектепке жіберілгеннен кейін жүгінген.
«Мен кәмелетке толмағандарды арнайы білім беру мекемесіне орналастырудың құқықтық бағасы бойынша прокуратураға сұрау жібердім. Бүгін прокуратура балаларды арнайы мектепке орналастыру туралы қаулыны жойды», — деп жазды омбудсмен.
Іс бойынша әрбір фигуранттың материалдары Алматы қаласының Алатау ауданының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының қарауына беріледі.
Бұған дейін Семейде жасөспірімдер тобы бастауыш сынып оқушысын қатты соққыға жыққан. Зорлық-зомбылыққа қатысты видео әлеуметтік желілерде тарады. Полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысушылардың барлығы ауытқушы мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектепке жіберілетін болады.