«2024 жылы, Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат және туризмді дамыту индексіне сәйкес, Қазақстан 119 мемлекет арасында 52-орынды иеленді. Айта кетейік, 2024 жылы республикада 15 миллионнан астам шетелдік қонақ болды. Олардың ішінде 10 миллионнан астам адам Қазақстанда бір тәуліктен артық уақыт өткізді», — деп нақтылайды дереккөз.
Ұлттық банк мәліметтері бойынша, шетелдік туристер әр сапарға орта есеппен 1,5 мың доллар жұмсайды. 2024 жылы жалпы бұл сома триллион теңгеден асты. Өткен жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 947,5 миллиард теңгені құрады. Жалпы, соңғы бес жылда Қазақстандағы туризм саласында 550 миллиард теңгеге 605 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.