2024 жылдың қаңтарынан қазан айына дейін пошта қызметтерінің көлемі артты. 10 айда қызмет көлемі өткен жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда 6,4%-ға өсті.
«Жалпы көрсетілген қызметтердің көлемі 64,4 миллиард теңгені құрады, оның 17 миллиард теңгесі — халыққа көрсетілген. Аймақтар бойынша пошта және курьерлік қызметтердің негізгі көлемі Алматы қаласына (56,8%), Астанаға (13,8%) және Қарағанды облысына (3,7%) тиесілі», — делінген есепте.
Айта кетейік, пошта қызметтерінің тарифтері жылдық көрсеткіш бойынша өзгеріссіз қалды (2024 жылдың қазаны 2023 жылдың қазанына қатысты), ал курьерлік қызметтер 2,4%-ға қымбаттады. Олардың ішінде ең көп тарифтердің өсуі республика бойынша жүк жөнелтімдері мен бандерольдерді жеткізуге қатысты — 2,9%.