Астраның хабарлауынша, екі жағдайда да шабуылдардың нысанасы мұнай-газ саласындағы кәсіпорындар болды. Волгоградта дрондар «Лукойлға» тиесілі НПЗ-ны атқылады. Астрахан облысында нысан газ өңдеу зауыты, ол «Газпромға» тиесілі.
Екі күн бұрын Ресей Украинаға жаппай зымыран соққысын жасады. Зымырандардың бірі Полтавадағы тұрғын үйге түсті: 14 адам, соның ішінде екі бала қаза тапты, 20 адам жарақат алды.
Өткен жылдың соңында украиналық дрондар Ресей арқылы Қазақстан мұнайын тасымалдайтын құбырды шабуылдаған болатын.