«2022 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде маман IP-мекенжайы мен электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, заңмен қорғалатын ақпаратты, маңызды ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерімен байланысты жүйеден жойған.
Сонымен қатар, жүйеге жалған ақпарат енгізіп, азаматтардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірді», деп хабарлайды сот материалдары.
Сот жеңілдететін жағдайлар ретінде шын жүректен өкініш білдіруді, алты кәмелетке толмаған баланы асырауды, жүктілікті таныды. Күшейтетін жағдайлар анықталмады.
Сот көпбалалы ананы кінәлі деп танып, 738 400 теңге көлемінде айыппұл салды, сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан бір жылға айырды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.