Өткен жылы алтын 27% өсім көрсетіп, ең табысты тауарлардың бірі болды, деп хабарлайды Kazpravda.kz РБК сілтеме жасап.
20:00 Астана уақыты бойынша Чикаго тауар биржасында (CME) сәуір айының фьючерстері 1,48%-ға көтеріліп, унциясына $2835,1-ге жетті.
21:01 Астана уақыты бойынша өсім 2,13%-ға дейін жеделдеді, алтын унциясы $2853,2-ден сатылды. Алтынның бұрынғы тарихи максимумы 2024 жылдың 30 қазанында $2 801,8 деңгейінде саудада белгіленген.
Жыл басынан бері алтын 7,7%-ға қымбаттады. MUFG сарапшылары Дональд Трамп әкімшілігінің билікке келуі қорғаныс активтеріне, оның ішінде алтынға сұраныстың артуына ықпал етеді деп есептейді.
2024 жылы алтын бағасы бірнеше рет рекорд жаңартып, бұл ФРС-тің жұмсақ ақша-кредит саясатына, геосаяси шиеленіске және әлемдегі ең ірі орталық банктердің белсенді алтын сатып алуына байланысты болды. Өткен жылы алтын 27% өсім көрсетіп, ең табысты негізгі тауарлардың бірі атанды.