сәрсенбі05 ақпан 2025
inbusinesskz.com

Тоқаев Куба президентіне телеграмма жіберді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 1 қаңтарда, Куба президентіне құттықтау телеграммасын жолдады, деп хабарлайды NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Токаев отправил телеграмму президенту Кубы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудесті және куба халқына ұлттық мереке – Революция жеңіс күнімен құттықтады.

️Президент екі елдің дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастығының бірлескен күш-жігер арқасында тұрақты түрде нығаятынына сенім білдірді.

️Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудеске жауапты қызметінде табыс тілеп, Куба халқына – әл-ауқат пен гүлдену тіледі.

Британ энциклопедиясының мәліметі бойынша, Куба революциясы – Кубадағы қарулы көтеріліс, нәтижесінде 1959 жылдың 1 қаңтарында Фульхенсио Батистің үкіметі құлатылды. Революцияның жетекшісі Фидель Кастро 1959-2008 жылдар аралығында Кубаны басқарды.

Кубада 1 қаңтар ұлттық мереке – Революция жеңіс күні немесе Азаттық күні болып табылады.