"Қазақстан әлемде жоғары сенімге ие және 'орташа держава' деп аталады. Бірақ бұл жоғары мәртебе тек саяси салада ғана емес, сонымен қатар экономика, инвестициялар, ғылым және технологиялар саласындағы нақты нәтижелермен нығайтылуы тиіс.
Ағымдағы геосаяси жағдайларда ең жақын көршілермен (Орталық Азия елдері мен ЕАЭО) жаңа деңгейдегі ынтымақтастыққа көшу қажет, бұл өңір мен Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.
Үкіметке өнеркәсіп, транспорт және логистика, IT-сектор, АӨК және басқа салаларда өзара тиімді байланыстарды дамыту бойынша кешенді нақты шараларды әзірлеу қажет", - деді Тоқаев.
Ол Қытай, Ресей, АҚШ, Еуропа елдері, Таяу Шығыс, Азия және басқа мемлекеттермен ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын ерекше бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.
Еске сала кетейік, жақында Тоқаевқа орташа державалардың рөлі мен Қазақстанның осы рөлдегі іс-әрекеттері туралы сұрақ қойылған болатын.
"Әділ әлемді қалыптастыруға деген қуатты сұранысты ескере отырып, орташа державалар, менің пікірімше, халықаралық сенім дағдарысын және жауапты жаһандық көшбасшылық тапшылығын жеңуге маңызды рөл атқара алады",
Мен орташа державалар ортақ күш-жігермен қақтығысқан геосаяси полюстер арасындағы жаңа берік көпірлер салуға және осылайша халықаралық конфронтация деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін уақыт келді деп сенемін", - деп атап өтті президент.
Сол сұхбатта президент Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен Акордада өткен келіссөздердің нәтижелері туралы айтты, "Путин Қазақстанның ерекшеліктерін жақсы түсінеді" деп атап өтті және Қазақстандағы АЭС құрылысымен байланысты Ресей мен Қытаймен жүргізілген келіссөздерді түсіндірді.