Бірнеше сағаттан кейін, Астана уақытымен 13:33-те, Тәжікстанда магнитудасы алты балл болатын екінші жер сілкінісі орын алды. Эпицентрі Қаракенджи қаласынан 28 шақырым солтүстік-шығысқа орналасқан. Бұл жер асты дүмпуі әлдеқайда күшті болды және көрші аймақтарда сезілді.
Соңғы жер сілкінісі Астана уақытымен 15:06-да Қытайда болды, онда магнитудасы 4,9 деп тіркелді. Эпицентрі Алматыдан 368 шақырым оңтүстік-шығысқа және Қытайдың Ақсу қаласынан 90 шақырым солтүстік-шығысқа орналасқан.
Сейсмологтардың мәліметтері бойынша, Қазақстан аумағында сезілмеген. Жараланғандар мен қиратулар туралы ақпарат түскен жоқ.