2024 жылдың көктемінде Тимур Кулибаев Генеральды прокуратураның активтерді қайтару комитетіне бірнеше талап-арыз берді. Сәуірде Астананың азаматтық істер бойынша сот алқасы олигархтың үш талап-арызын қабылдамады. Ал активтерді қайтару комитеті нақты қандай мүлік туралы сөз болып жатқанын айтудан бас тартты. Ведомство мемлекеттік құпияларды жариялауға тыйым салатын заңнамалық нормаларға сілтеме жасады.
Осы уақытта шетелдік журналист-тергеушілер Тимур Кулибаевтың Қазақстанның табиғи байлықтарынан пайда табуына қалай көмектескені туралы шетелдік мұнай корпорацияларының жылдар бойы жүргізген әрекеттері туралы үлкен материал жариялады. Бұл тергеудің қысқаша мазмұнын осында оқыңыз.