«Олар кәсіпкерлік субъекттерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын тездетіп беру үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сатыбалдиев пен Алибековке әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік мекемелерде лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды», — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің хабарламасында.
Сол үкіммен кеден брокерлері Николасс В., Казанцева С. және Гаруни С. аталған лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін айыпталды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.