Ұлттық компанияның мәліметінше, 31 желтоқсанда және Жаңа жыл түнінде пойызда өткізуді таңдағандардың көпшілігі Астана–Алматы, Астана–Шымкент, Алматы–Шымкент, Астана–Семей және Алматы–Семей бағыттары бойынша жолға шығады.
Жыл сайын теміржол қызметкерлері жолаушылардың жолда жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істейді. Жаңа жыл түнінде Қазақстандағы вокзалдарда 47 кассир кезекшілік етеді. Осы түні пойыздарда 73 пойыз бастығы мен 1 774 жолаушылар вагонының кондукторы жұмыс істейді, жалпы алғанда, 115 пойыз бригадасы болады.
«Кондукторлар арасында жыл сайын Жаңа жылды пойызда қарсы алатындар бар. Түн ортасында олар дәстүр бойынша туыстарына хабарласып, құттықтайды, содан кейін отбасылық фотосуреттерді жылы сезіммен қарап шығады. Теміржол қызметкерлері әр жолаушының өз мақсатына аман-есен, жайлы және қауіпсіз жетуіне, сондай-ақ мерекені отбасымен бірге қарсы алуына бар күшін салады», — деді компанияда.
Кезекке шыққан кондукторлар 15 күн бойы жолда болады.