Жаңа шахталық стволдың құрылысы 2017 жылы басталды. Тапсырыс беруші отандық кәсіпорын – «Шахтспецстрой» тресі, бұл компанияның күрделі геологиялық жағдайларда жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар. Алғашында оның мамандары топырақты 80 метр тереңдікке дейін мұздату технологиясын қолданды. Бұл сазды топырақты қазудың қарқынын арттыру үшін қажет болды.
Тапсырыс беруші стволдың жанында 36 ұңғыманы бұрғылады, олардың арқылы мұздататын қоспа – кальций хлориді ерітіндісі берілді. Болашақ ауа беретін стволдың жалпы тереңдігі 830 метрді құрайды.
– Осы ствол арқылы ауа шахтаның төменгі горизонтына түседі, – деп түсіндіреді «Тентекская» шахтасының капиталды құрылыс бойынша бас инженері Дмитрий Анисимов. – Сонымен қатар, біз шахталық құрылысшылар мен материалдарды, жабдықтарды түсіруге арналған копер салудамыз. Мұнда заманауи, үлкен клеттер орнатылады. Қазіргі клеттердің ені 4 метр, ал жаңа клеттердің ені 5,2 метр. Бұл шахтаға бұрынғыдан үлкен заманауи комбайндарды түсіруге мүмкіндік береді.
Стволмен қатар шахтада үстіңгі инфрақұрылым объектілері салынып жатыр. Электр станциясы мен калориферлік қондырғы құрылысын аяқталды. Соңғысы шахтаға жылы ауа беруге қажет. Жанында қоймалар, гараж-зарядная, вагонеткаларды алмастыру үшін шлюз камерасы және, әрине, металдан жасалған копердің үстіңгі құрылысы орналасады.
– Біз, бір сөзбен айтқанда, жаңа шахта салып жатырмыз, – деп атап өтті Дмитрий Анисимов. – Біз 830 метр тереңдікке жеттік, шахтерлер Д-6 қабатына жақындап қалды, оның расталған қорлары шамамен 20 миллион тонна көмірді құрайды. Бұл «Тентекская» шахтасының 20 жыл бойы өмір сүруі және адамдардың тұрақты жұмыс істеуі үшін жеткілікті.
Qarmet компаниясына тиесілі жаңа ауа беретін ствол 2025 жылы пайдалануға беріледі. Оның құрылысындағы инвестициялар 113 миллион доллардан асты.