«2030 жылынан кейін төртінші НПЗ құрылысын салу жоспарымызда бар. НПЗ құрылысын шешуге алдын ала факторлардың әсер ететіні түсінікті. Көліктің электрлендіру қарқыны, тұтыну деңгейі, біздің экспорттық мүмкіндіктеріміз — біз өнімнің бір бөлігін экспортқа сатуды жоспарлап отырмыз», — деді Саткалиев мәжіліс кулуарында журналистерге.
Оның айтуынша, бұл тек НПЗ болмайды.
«Бұл тұтас газ-химиялық кешен болады. Алдын ала белгіленген алаң — Батыс Қазақстан», — деп толықтырды министр.