Осылайша, активтер 9 айда 3,3 триллион теңгеден (немесе 18,5%) астам өсім көрсетті. Жыл ішінде зейнетақы активтері 4 триллион теңгеге (немесе 23%) ұлғайды.
«Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) арқылы қалыптасқан зейнетақы жинақтары 2024 жылдың 1 қазанында 20,4 триллион теңгеге жетіп, жыл ішінде 22,2% өсті. Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 628,6 миллиард теңгеден асады (жылдық өсім — 14,4%). Ең жоғары өсімді (44,8%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) көрсетті, олардың көлемі 7,1 миллиард теңгеден асты», — делінген ақпараттық хабарламада.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы есепшоттарына қосымша қаражат — жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түседі. 2024 жылдың 9 айында МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 170 миллиард теңгені құрады.