«Сіздің мәліметіңіз бойынша, ақылы жолдардың бағасы төрт есе өседі деген ақпаратты мен толықтай жоққа шығарамын. Бұл дұрыс ақпарат емес. Бұл нақты аймақта тұратын және үнемі жолды пайдаланатын тұрғындар үшін жылына 3000 теңгеден астам абоненттік төлем бар», — деді Марат Карабаев.
Дегенмен, жол ақысы әлі де көтерілетінін министр нақтылады.
«Бағаның өсуі қандай жол екеніне байланысты болады. Белгілі учаскелерде — 30 %, басқа жерлерде — 40 % (қымбаттау). Біз, жалпы алғанда, біртіндеп қымбаттауға көшудеміз», — деп қосты көлік министрі.
Үкімет отырысында Марат Карабаев 2026 жылы Қазақстандағы ақылы жолдардан 100 миллиард теңге табыс табуды жоспарлап отырғанын хабарлады.