«Жалпы, белгілі бір әлеуетті жеткізушілерге артықшылықтар берілгені, қаралып жатқан шағымдарға шешім қабылдау кезінде, бір көзден келісім-шарттарды негізсіз келісу, аудит шаралары барысында анықталған бұзушылықтарға шаралар қабылдамау, сондай-ақ енгізілген хабарламалардың орындалмауына қатысты шаралар қабылдамау фактілері анықталды», — деп хабарлады қалалық прокуратура.
Барлығы 59 құқық бұзушылық фактілері анықталды, соның ішінде мемлекеттік қызметті дискредитациялайтын 52 құқық бұзушылық фактілері бар.
Прокурорлық бақылау актісін қарау нәтижесінде алты лауазымды тұлға, соның ішінде департамент басшысының орынбасары, тәртіптік жауапкершілікке тартылды.