жұма14 наурыз 2025
inbusinesskz.com

Қазақстанда жеке тұлғалар үшін лизинг енгізілмек.

Мәжіліс депутаттары қарапайым қазақстандықтарға автокөлік немесе тұрғын үйді лизингке алу мүмкіндігін беретін заң жобасын қарастыруды бастады, деп хабарлайды NUR.KZ.
В Казахстане планируется внедрение лизинга для физических лиц.

Заң жобасы туралы мəжіліс отырысында депутат Татьяна Савельева хабарлады.

"Заң жобасында жеке кәсіпкерлер емес, жеке тұлғалар үшін лизинг енгізу ұсынылады, бұл оларға автокөліктер мен жылжымайтын мүлік сияқты активтерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Заң жобасында лизингке берілетін мүлікке мемлекеттік тіркеуді қажет ететін мүліктермен шектеу қойылған.

Заң жобасы қабылданғаннан кейін азаматтардың қаржылық қызметтерге қолжетімділігі жақсарады, халықтың кредиттелу деңгейі төмендейді және борыштық жүктеме азаяды", - деп атап өтті ол.

"Учет.kz" ақпараттарына сәйкес, лизинг негізгі құралдарды - жабдықтарды, жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын сатып алу үшін инвестицияларды қаржыландырудың бір түрі болып табылады, мұнда лизингтік компания жабдықтаушы мен сатып алушы арасында делдал болып табылады, себебі аталған құралдар лизинг алушының өтінімі бойынша лизинг беруші тарапынан сатып алынады, оларды пайдалану үшін беріледі. Мүлік толық сатып алынғанға дейін лизинг берушінің меншігінде болады, ал клиентке ол пайдалану үшін беріледі. Лизинг алушының меншігі тек лизингтік төлемдерді толық төлегеннен кейін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғаннан кейін ғана пайда болады.