Швед бренді DeLaval-дың роботтандырылған доильная карусель жүйесі, бір уақытта 80 бас малды қабылдай отырып, бес сағатта екі мың сиырды сауып шығара алады. Оператор рөлін атқаратын дояркадан минималды күш жұмсау талап етіледі. Бір ауысымда қондырғыны тек 12 адам қызмет көрсетеді.
Автоматты доиль жүйесі малдың сауылған кезде өзін өте жайлы сезінуін қамтамасыз етеді: мүйіздерге жұмсақ күтім жүргізіледі, сүт бездерінің денсаулығын профилактикалық тексеруден өткізеді. Әртүрлі датчиктер сүттің ағынын үнемі талдап, оның саны мен сапасын бақылап отырады. Танктегі тоңазытқышқа тек жоғары сапалы шикізат түседі.
Комплексті іске қосу – мемлекет басшысының ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін арттыру туралы тапсырмасын орындауда маңызды қадам.
– Біздің алдымызда астанада сүт өнімдерін жеткізуді 50%-ға арттыру міндеті тұр. Осы мақсатта облыста жаңа өндірістер ашылып, жұмыс істеп тұрғандары кеңейтілуде. Инвестициялық жобаларды жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы тиімді қолдау құралына айналды, – деді цехтың ашылуында облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан.
Мемлекеттік қолдау Ақмола облысына тауарлы сүт өндірісін 1,5 есе, яғни 90 мыңнан 130 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта өңір астананың азық-түлік белдеуінің негізгі қатысушысы ретінде тұрғындарын сүт өнімдерімен 50%-ға қамтамасыз ете алады.
Еске сала кетейік, өткен жылы облыстың төрт ауданында 4,9 мың бас малға арналған бес ірі сүт-тауар фермасы пайдалануға берілді. Биыл тағы екі МТФ-ны 1,2 мың бас малмен іске қосу жоспарлануда.