58-ші ОПЕК+ министрлерінің бірлескен мониторингтік комитетінің отырысы өткеннен кейін Қазақстан ОПЕК+ келісіміне адалдығын растады, деп хабарлайды Kazpravda.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан 2025 және 2026 жылдары өз міндеттемелерін орындау және 2024 жылдағы артық өндіруді өтемелеу үшін қажетті шараларды қабылдайды.
«Тенгиз кен орнын кеңейту жобасының іске қосылуымен биыл өндірудің артуына қарамастан, Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясындағы міндеттемелерді орындаудың маңыздылығын растайды және халықаралық құқық аясында серіктестерімен келіссөздер жүргізеді», - делінген хабарламада.