Kazakh Tourism мәліметтері бойынша, Қазақстан 2025 жылға «Ең перспективті жаңа бағыт» сыйлығына ие болды. Бұл беделді номинация Kazakh Tourism компаниясына Қытайдың жетекші онлайн-туристік агенттігі Tongcheng Travel тарапынан берілді, деп хабарлайды Kazpravda.kz
Қытайдағы жетекші онлайн-турагенттігі Tongcheng Travel саяхат жоспарлауға арналған кешенді қызметтерді ұсынады және 230 миллионнан астам пайдаланушыға ие. Платформаның деректері бойынша, 2024 жылы Қытай туристтері арасында Қазақстанға сапарға сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 300%-ға артты. Онлайн-турагенттік бұл үрдістің биыл да жалғасатынын болжап отыр.
«Туризм жылының қорытындысы бойынша біз Қытайдан келген туристердің санының екі есеге дерлік артқанын және Қытай туристтерінің Қазақстандағы саяхаттарға деген қызығушылығының өскенін байқап отырмыз. Біз бұл үрдісті қолдауды және Қытайдың жетекші онлайн-платформаларымен ынтымақтастықты кеңейтуді жоспарлап отырмыз», - деді «НК «Kazakh Tourism» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Садвакасов.
2024 жылы отандық туризм жылына орай Қытайдан келушілердің саны өткен жылмен салыстырғанда 78%-ға артып, 655 мың адамды құрады. Бұл елдің табиғи ландшафттарына, тарихи ескерткіштеріне және мәдени мұрасына айтарлықтай қызығушылықты көрсетеді.
Сонымен қатар, танымал британдық Lonely Planet басылымы Қазақстанды биылғы жылдың ең жақсы саяхат елдерінің бірі деп жариялады, ал CNN Travel версиясы бойынша Алматы 2025 жылдың ең үздік саяхат орындарының тізіміне енді.