Ол мемлекеттік қызметкерлердің шешімдері адамдардың тағдырын анықтайтынын атап өтті.
"Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары біздің үшін - бұл ең жоғары құндылық, және заң аясында әрекет ететін адал мемлекеттік қызметкер шешім қабылдауда жауапкершілікті алудан қорықпау керек. Заңды шешімдер жедел қабылдануы тиіс. Мемлекеттік қызметкер заңды шешімді келісу және қабылдау кезінде ешқандай қиындықтарға тап болмауы керек", - деді Бигайдаров.
Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби этика, адалдық, әділдік, жақсы мінез-құлық принциптеріне сүйенуге және әрдайым заң аясында әрекет етуге шақырды.
"Біз, құқық қорғау органы ретінде, қоғамда заң мен тәртіп принциптерін өз үлгісімізбен нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік көрсетуге міндеттіміз", - деп қосты Бигайдаров.
Қаңтардың басында президент мемлекеттік қызметкерлердің жиі ұсталу жағдайлары туралы пікір білдірді.
Ал жақында кеңейтілген үкімет отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жедел жұмыс істеуі, артық бюрократиядан арылуы керек екенін айтты.
Бүгін антикоррупциялық ведомствоның ресми өкілі Данияр Бигайдаровтан президенттің мемлекеттік қызметкерлерді "қорқытқан" Антикор туралы сөздерін түсіндіруді сұрады.