Ол электронды құрылғыларды пайдаланушыларға тән басқа ауруларды да атап өтті. Теріс әсерлерге тіс түсінің өзгеруі мен бляшка, ауыз қуысының кебуі мен күйіктері, жаралардың, кариес пен тіс тасының дамуы жатады.
Сарапшы вейп сұйықтықтарының құрамында глицериннің бар екенін де айтты, ол тістерде жабысқақ қабат түзіп, тамақ қалдықтарының жабысып қалуына ықпал етеді, яғни тіс тасының пайда болуын тездетеді.
«Өз кезегінде, пропиленгликоль ауыз шырышты қабатын кебітіп, жұмсақ тін ауруларының қаупін арттырады. Айта кетсек, тіпті темекі шегушілерде шырышты қабаттың жеңіл механикалық зақымдары инфекциялануы мүмкін, бұл жаралардың пайда болуына әкеледі. Бұдан бөлек, сұйықтықтар мен қалпына келтірілген темекі — тек ауыз қуысы обырының емес, сонымен қатар басқа да көптеген органдардың қатерлі ісігіне себеп болуы мүмкін канцерогендердің әлеуетті көзі», — деді дәрігер.