Сухэ-Батор алаңында Үкімет үйінің алдында құрметті қарауыл және моңғол доспаларындағы атты гвардия орналастырылды. Құрметті қарауылдың басшысы рапорт бергеннен кейін екі елдің мемлекеттік гимндері шырқалды, президенттер ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды, деп хабарлайды Акорда Telegram-арнасында.
Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Церемония аяқталғаннан кейін мемлекет басшылары келіссөздер залына өтті.
Бұған дейін Акорда хабарлағандай, Монғолияға сапары аясында мемлекет басшысы Ухнаагийн Хурэлсухпен, Монғолияның Ұлы мемлекеттік хуралының төрағасы Дашзэгвий Амарбаясгаланмен және премьер-министр Лувсаннамсрай Оюун-Эрдэнэмен келіссөздер жүргізеді.
Тоқаев кеше Монғолияға келді. Улан-Батор әуежайында Қазақстан делегациясын сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.
Эксклюзивті контент пен жаңалықтар тек сіз үшін! Telegram-ға жазылыңыз!