Ол ағып кеткен көлемі мен аумағын нақтылады:
«Шамамен аумағы 4–5 шаршы метр, ал көлемі — 30–40 тонна. Бұл мұнай өнімі жедел түрде сорылып, қайта өңдеу үшін жүйеге қайтарылды, сондықтан мұнай өнімдері бойынша шығындар тіркелген жоқ».
Бас инженер қазіргі уақытта ластанған жерді тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты. Апаттың себебі әзірше белгісіз, бірақ ағып кеткен жер анықталған.
«Себептерді анықтау үшін арнайы комиссия құрылады. Кейінірек біз қосымша ақпарат береміз», — деп сендірді Нурлан Ещанов.
Алдын ала хабарланғандай, кәсіпорын аумағында мұнай өнімдерінің ағып кетуі орын алды.