«Қатысушылар этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі өзекті міндеттер, 2025 жылға арналған жоспарлар, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі алдағы шаралар туралы хабарлады», деп хабарлайды Ақорда.
Мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Соңғысы 2024 жылдың 9 желтоқсанында Алматы және Жамбыл облыстары әкімдерінің қатысуымен өтті. Бұл жолы Түркістан облысының басшысын шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Түркістан облысындағы Загамбар ауылында аралас мектеп оқушысының зорлануынан тәртіпсіздіктер болды. Загамбар — Төлеби ауданының әкімшілік орталығы, онда тұрғындар саны бес жарым мыңнан асады, олардың төрт мыңнан астамы — этникалық өзбектер.