«ҚазАвтоЖол» қызметкерлері азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
«31 қаңтарда ауа райының нашарлауына байланысты «РФ шекарасы (Жайсан өткізу пункті) – Мартук – Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Тараз (айналмалы жолмен) – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай Халық Республикасының шекарасы (Нұр Жолы өткізу пункті)» автожолының 143-214 км аралығында (Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін)» қозғалысы шектелді», – делінген ресми хабарламада.
Жолдың ашылу уақыты - 1 ақпан, 10:00.