«2024 жылдың қазанында Алматы қаласының тұрғыны қылмыс жасаушыларға банк шоттарын ұсыну арқылы қылмысқа ықпал етті. Құқықбұзушылардың әрекеттерінің нәтижесінде Ақтау қаласының тұрғындарына 90 миллион теңгеден астам мүліктік зиян келтірілді», — деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Бақылаушы органның ақпаратына сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша алдын ала тергеу басталды.
Күдікті тергеу судьясының санкциясымен қамауға алынды.