Видео: «КазАвтоЖол».
Осы уақытта құтқарушылар трассадан эвакуацияланған қазақстандықтарға көмек көрсете беруде. ТЖМ мәліметтері бойынша, алдымен құтқарушылар Астана — Щучинск трассасынан эвакуацияланған төрт азаматты Макинск қаласындағы станцияға жеткізді. Олар Петропавлға пойызбен кетті. Біраз уақыттан кейін сол станцияға Қазақстан ТЖМ қызметкерлері трассадан эвакуацияланған тағы 16 азаматты, олардың ішінде сегіз бала да бар, жеткізді. Олар да теміржол қатынасы арқылы Астанаға аттанды.
Есіңізде болсын: республикалық автожолдардың қайсысының ашық, қайсысының жабық екенін білу үшін «КазАвтоЖол» тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына 1403 нөміріне хабарласуға болады.