«Жалпы абоненттер санының 18,7 миллионы интернетке қолжетімді, жылдық өсім 4,8% құрады. 100 адамға шаққанда мобильді байланыс абоненттерінің тығыздығы 129 бірлікті құрайды, олардың 93-і интернетке қолжетімді. 2024 жылдың қаңтарынан қазанына дейінгі кезеңде мобильді байланыс саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 191,3 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4% аз», — делінген есепте.
10 айдағы жалпы байланыс қызметтерінің көлемі 1,1 триллион теңгені құрады, оның ішінде интернет қызметтері 52,5% алады.