«Белгілі болғандай, борышкер, алименттерді төлеу мүмкіндігі бола отырып (ЖШС директоры бола тұра), ұзақ уақыт бойы әрекетсіз қалды, міндеттемелерін орындау шараларын қабылдамады. Нәтижесінде, оның қарызы 4,5 миллион теңгеден асты», — деп хабарлады облыстық прокуратура.
Іс сотқа жіберілгеннен кейін, борышкер зиянды толық көлемде өтеді және іс жүргізу тоқтатылды.