«Қарастырылғаны, қара карьерлерді жеңілдетілген рәсімдеудің нормалары биылғы жылы аяқталады, біз бұл норманы ұзарту және карьерлерді рәсімдеуді одан әрі қысқарту мәселесін заңды түрде пысықтап жатырмыз. Жаңа жобалар бойынша алынатын жерлердің алаңдарын анықтадық», деді Марат Карабаев.
Олжас Бектенов алдын ала барлық дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұл жаңа жолдарды салу кезінде созылуды және артық шығындарды болдырмауы тиіс. Премьер әкімдіктерге болашақ жобалар үшін учаскелерді резервтеуді, жердің мақсатты пайдаланылуын өзгерту және осы учаскелерді басқа қажеттіліктерге беру бойынша мораторий жариялауды тапсырды.
«Сала министрлігі акиматтармен бірлесіп автожол жобаларында пайдаланылатын карьерлердің құжаттық рәсімдерін дайындауы қажет. Транспорт министрлігі мемлекеттік қажеттіліктер үшін автожолдарды салу мақсатында жерлерді жедел сатып алу бойынша заңнамалық реттеу мәселесін пысықтауы тиіс», деп тапсырды Олжас Бектенов.
Бұған дейін біз министрдің жол жөндеуге жұмсалатын шығындарды жеті есе азайтатынын уәде еткенін жазған болатынбыз.