Душанбеде Орталық Азияның Мемлекетаралық үйлестіру су шаруашылығы комиссиясының (МКВК) 88-ші отырысы өтті. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстанның су шаруашылығы ведомстволарының басшылары қатысты.
Тараптар Сырдария және Әмудария өзендерінің бассейндеріндегі суару кезеңінің барысын қарастырды.
Жоспарланған су көлемі Сырдария өзені арқылы Түркістан облысындағы Шардара су қоймасына жеткізіледі. Оның ішінде 1,6 миллиард текше метр Арал теңізіне бағытталады.
«Бұл биылғы суару кезеңі үшін қажетті су көлемін жинақтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі экожүйе жағдайын сақтауға көмектеседі. Оңтүстіктегі жағдай батыс пен солтүстікпен салыстырғанда ерекшеленетініне тоқталғым келеді. Онда тасқындар және тасқын су көлемдері мен ауқымдары жоқ. Жазда суару суына сұраныс өте жоғары. Сондықтан оңтүстікте су қамтамасыз ету бойынша мүлдем басқа жұмыстар жүргізудеміз. Су дипломатиясы сол жерде басымдыққа ие, және бізде ол жеткілікті деңгейде. Переговорлардың арқасында өткен жылы еліміздің оңтүстігін үздіксіз сумен қамтамасыз еттік. Су бөлінісі мен трансшекаралық су объектілерін қорғау мәселелерін Орталық Азиядағы әріптестерімізбен бірлесіп шешеміз», – деп атап өтті су ресурстары және ирригация министрі Нуржан Нуржигитов.