Алғашқы тренинг Қызылордада өтті. 50 әйел қатысып, өз білімдерін толықтырды. Сарапшылар халықаралық «Өз-өзін қорғау арқылы ықпал ету» әдістемесі бойынша жұмыс істейді. Оқу интерактивті форматта жүзеге асырылады. Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі қорғау тактикасын меңгеріп, зорлық-зомбылық психологиясын түсінуге, қауіпті сигналдарды анықтауға үйренеді.
Мұндай өзін-өзі қорғау тренингтері Астана, Шымкент, Түркістан және Қосшы қалаларында да жоспарланған.
Олар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен және Қазақстандағы «ЮНЭЙД» құрылымымен ұйымдастырылды.