Айта кетейік, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша беріледі және талантты жастарды анықтауда тиімді құрал болып табылады.
Нәтижесінде 6 бағыт бойынша комиссия 30 ең жоғары балл жинаған жобаны іріктеп алды.
Грантты тапсыру рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Астана қаласында өтеді. Жеңімпаздар өз жобаларын жүзеге асыру үшін мемлекеттен 3 миллион теңге көлемінде қаржылық қолдау алады.
Сонымен қатар, биылғы жылы өтінімдерді қабылдау 5 тамыздан 6 қазанға дейін жүргізілді. Жалпы 1284 өтінім түсті. Оның ішінде 897 өтінім қабылданды. Олардың ішінде 495 «Бизнес», 62 – «Ғылым», 107 - «Мәдениет», 94 – «Ақпараттық технологиялар», 66 – «Медиа» және 73 - «Волонтерлік» бағыттары бойынша.