жұма27 желтоқсан 2024
inbusinesskz.com

Түркістанда креативті хаб ашылды.

Түркістанда Тәуелсіздік күніне орай еліміздегі 11-ші креативті хаб – ÓzgeEpic есігін ашты, деп хабарлайды Kazpravda.kz.
В Туркестане запустили новый креативный хаб.

Шығармашылық кеңістік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылды.

Салтанатты шараға ҚР парламентінің депутаттары, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, «Қазпошта» АҚ, жергілікті атқарушы органдар мен өңірдің креаторлары қатысты.

Түркістандағы креативті хаб ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Қазпошта» АҚ арасындағы келісім аясында ашылды. Орталық акционерлік қоғамның филиалдарының бірінде орналасқан. Бұл коллаборация тек бірлескен орынмен шектелмей, бірқатар ортақ жобаларды да қамтиды.

Хабтың ашылуында «Көрінбейтін әлем» атты көрме де ұсынылды, ол инклюзивті шығармашылық индустрияны қолдауға бағытталған.

Шығармашылық алаңның ауданы – 400 шаршы метр. Негізгі назар өңірдің шығармашылық қызметінің басты бөлігін құрайтын халықтық қолөнер түрлеріне аударылды.

Түркістан облысында барлығы 1341 шығармашылық индустрия субъектісі тіркелген. Өңір киім тігу мен аксессуарлар жасау сияқты бағыттар бойынша көшбасшы болып табылады.